Ақмола облысы білім басқармасы "Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, № 15 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №15, село Астраханка, Астраханский район" Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Болашақ kz" жобасы

Кіріспе

Қымбатты балалар, Астрахан №15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне хош келдіңіздер!

Қолдарыңыздағы жетонның түсіне қарай үстелге таман отырыңыздар.

Сауалнама

Таныспас бұрын алдарыңыздағы сауалнамаға аты-жөніңізді, мектебіңізді, телефоныңызды жазыңыз. Ары қарай 9 сұрақ берілген, әр сұрақтың астында екі бағаннан тұратын кесте бар. Қазір осы сұрақтардың жауабын сол жақ (бірінші) бағанға жазыңыздар.

Сауалнаманың оң жақ бағанын жұмыстың соңында толтырасыздар.

№15 ППТК ұжымы туралы

Сіздердің алдарыңызда ППТК ұжымы: меңгеруші қ.а. және логопед-мұғалім Сандыбаева Роза Жанбаевна, әлеуметтік педагог Бахманова Мәншүк Бүркітбаевна, педагог- психологтар: Нургожина Анжела Генадьевна, Зейтенова Гульмира Дулатовна, дефектолог-мұғалім Удовиченко Оксана Павловна, тіркеуші Баялинов Азамат және мен әдіскер Омерзакова Разия Калиловна.

Қазір Анжела Генадьевна Кабинет туралы айтып өтеді. (Слайд «Порфолио»)  

Енді бүгінгі кездесуіміздің мақсатына көшейік. (Слайд «Жоба») Елбасының 2018 ж. 14 қарашасындағы қаулысымен 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп белгіленді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстан Волонтерлер жылы деп жариялады. Қазіргі таңда елімізде 200 аса волонтер ұйымдары бар, бұл ұйымдарға 50 мыңнан астам белсенді еріктілер қатысады. Бұл жастар саясаты мемлекеттің  басты назарында дегенді білдіреді.

  1.   Мысалы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына кіретін мамандықтар аясы кеңейтіледі.
  2. Ауылды мекендерге қайта оралғандарға берілетін жәрдемақы мөлшерінің айлық есеп көрсеткіші 70тен 100-ге дейін көтерілді.
  3. Тағы да үкіметке берілген тапсырма - волонтерлік қызметпен белсенді түрде айналысатын ЖОО студенттерінің стипендиясын 30 пайызға көтеру.
  4. Еріктілер дегеніміз өз еркімен, яғни, саналы түрде айналасындағыларға үздіксіз көмектесіп жүретін жандар. Олар жастар да, үлкен кісілер де болуы мүмкін. Бұл қайырымдылық бағытын көрсетеді. Волонтер қызметі әдептілік тәрбиесін, жастар арасында азаматтылық, қайырымдылық, әділдік т.б. рухани құндылықтардың қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді. Бұл дәстүрлі өзара көмек түрлерін, ресми қызмет көрсетуді, тағы да басқа қайырымдылық шараларын білдіреді.
  5. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішке байланысты туғаннан 18 жасқа дейін Ақмола облысы Астрахан ауданында ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны 192. Өкінішке орай, 31 мектеп пен 6 бала бақшада логопед, дефектолог, олигофренопедагог, тифло- и сурдопедагог мамандары жоқ. Сондықтан ППТК мамандары ұжымында «Болашақ KZ жобасын жасау идеясы пайда болды, жоба міндеті: жоғары сынып оқушыларына педагогикалық мамандықтар аясында волонтерлік қызмет арқылы кәсіптік бағдар беру.
  6. Жобаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру үшін ақпараттық-коммуникативтік, коммуникативтік-диалогтік технология, мастер-класс өткізу, кәсіби сынама қажет.
  7. Ақпараттық-коммуникативтік технология мектеп бітірушілерге ақпарат беру және берілетін ақпаратты компьютер арқылы дайындау.
  8. Коммуникативтік-диалогтік технология – маманның әлеуметтік- коммуникативтік қарым-қатынасын қалыптастыру құралы.
  9. Мастер–класс – танымдық және проблемалық педагогикалық мәселенің шығармашылық шешімін көрсетудің практикасына сүйенетін ерекше сабақ түрі. Мастер-кластар оқушылар мен педагогтердің кәсіптік өзін-өзі қалыптастыруына және практикалық дағдыларын пысықтауға жағдай жасайды.
  10. Кәсіби сынама – арнайы ұйымдастырылған сынақ (имитациалық жағдай), ол кәсіби қызметке жақындатылған кәсіби қызметтің нақты элементтер моделі. Ол кәсіптік қызмет нақты түрінің базалық мәліметін жоспарлайды, кәсіби қызмет түрлерінің әр түрлі негізгі элементтер моделін, кәсіптік қызметтің нақты түрін орындау деңгейін анықтауға арналған ұйымдастыру-әдістемелік құралдарын, толық- аспекті қабылдау жағдайын жасау. 

Жоба мақсаты:

Оқушының саналы түрде өз кәсіби анықтамасын және қабілетін ашуға, тиімді кәсіптік қызметке дайын болуға жағдай жасау.                                                            

Міндеттер:

  • Астрахан ауданы жалпыбілім беретін мектептерінің оқушылары мен мектеп бітірушілеріне мақсатты және саналы түрде мамандық таңдауына көмектесу.
  •  Астрахан ауданы және  жалпы Ақмола облысында  еңбек нарығында сұранысқа ие №15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне қажет педагог мамандарының мәртебесін көтеру және жариялау.
  • Жалпыбілім беретін мектептердің  бітірушілерімен кәсіби бағдарлау жұмысын күшейтуді үйлестіру мақсатында кәсіби бағдарлау қызметінің барлық  қызметкерлері арасындағы бірлікті нығайту.
  • Кешенді кәсіби бағдарлау жұмысына қатысушыларды тарту арқылы кәсіби бағдарлау волонтерлік қозғалысын дамыту.
  • Адамгершілікті, қайырымдылықты, адамшылықты, жанашырлықты таратуға бағытталған әлеуметтік  бастамаларды қолдау.

Енді кездесуіміздің практикалық кезеңіне өтейік

Алдарыңыздағы сыйлықты ашыңыздар. Не түсіндіңіздер?

  • Әлемдегі ең керемет бақыт ол - сәби сүю бақыты. Оның көздеріне қарап тұрып - не үшін өмір сүретініңді түсінесің.

Бала – Алланың адамға, анаға, отбасына берген сыйы. Келісесіңдер ме?

Кейде дүниеге келген сәби басқа балаларға, басқа сәбилерге ұқсамайды. Ол туғаннан ерекше. Негізі біз әр бала –өзінше бір әлем, жеке тұлға дейміз. Ал бұл бала тіпті ерекше. Осындай бала дүниеге келгенде адамдардың оған, оның отбасына деген көзқарасы қандай? Біз ерекше балалар туралы не білеміз? Қоғам оларды қалай қабылдайды? Ерекше баланы қалай тәрбиелеу керек? Қалай оқыту керек? Олар ортаға бейімделе ала ма?  Сұрақ көп.

Осы сұрақтың кейбіреуіне жауап беру үшін әр топ Балалар диагнозы туралы мәтінмен жұмыс жасайды. Алдымен әр топтан бір қатысушы осы диагнозы бар баланың рөлін атқаруға таңдап алынады. Ол өз диагнозына сәйкес әрекет етеді және өзінің сезімдерін айтады. Ал басқа қатысушыларжобаны қорғауға дайындалады.

Мәтін: 1. ДЦП – балалар милық салдануы; 2. Аутизм - ; 3.Есту қабілеті бұзылған балалар; 4. Көру мүмкіндігі шектелген балалар.

1) мәтінмен танысу

2) Ватманға кластер әдісі бойынша өз ойларын жазу

3) қорғау

Рефлексия

Кездесуіміздің соңында Сауалнамаларыңыздың оң жақ бағанын толтырыңыздар. Стикерлерге тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды жазуларыңызға болады.

Назарларыңызға рахмет!

 

Жаңартылған күні: 05.02.2020 10:20
Құрылған күні: 05.02.2020 10:48

Текст