Ақмола облысы білім басқармасы "Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, № 15 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №15, село Астраханка, Астраханский район" Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ерекше балалар арасында паракаратэ бойынша (жеке катадан) «BURABAY OPEN» ашық Республикалық турнирі

2019 жылдың 3-6 мамыры күндері Ақмола облысы Бурабай ауданы Щучинск қаласында «Жақсы» спорт кешенінде 6 -18 жас аралығындағы әртүрлі категориялы ерекше балалар арасында паракаратэ бойынша  (жеке катадан) «BURABAY OPEN» ашық Республикалық турнирі өтті

Турнир мақсаты: WKF каратэ Олимпиадалық спорт түрін насихаттау және дамыту; салауатты өмір салтын насихаттау; әртүрлі клуб спортшылары мен тренерлері арасындағы достық байланысты нығайту.

Турнирге Омбы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Жаңаөзен, Қарағанды, Арқалық, Қапшағай, Көкшетау, Щучинск қалаларынан, Астрахан, Целиноград аудандарынан  командалар мен клубтар қатысты. Осы турнирде Астрахан «№15 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ басшысы А.Ж. Кусаинова және нұсқаушысы Г.А. Кусаинованың жетекшілігімен тәрбиеленуші Төремұрат Қарлығаш церебральды шалдығу (ДЦП)ерекше  балалар арасында жеке ката бойынша ойынға қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.

«№15 ППТК» ұжымы Төремұрат Қарлығашты және ОДТ (оңалту дене тәрбиесі) нұсқаушысы Кусаинова Гүлжихан Абдувахабқызын елеулі жеңістерімен құттықтайды.

Жаңартылған күні: 13.05.2019 13:45
Құрылған күні: 13.05.2019 13:45

Текст