Текст
2019 жылдың 13 мамыры «№15 ППТК» КММ-інде Жеңіс күніне арналған «Ұлы жылдар біздің есімізде» тақырыптық іс-шара өтті.
Іс шара мақсаты: балаларды әскери мамандықтармен таныстыру (ойын түрінде); мамандықтар туралы мәлімет беру; отансүйгіштікке тәрбиелеу; әскери мамандыққа оқушылардың оң көзқарасын қалыптастыру.
Сабақты логопед Сандыбаева Р.Д мен психолог Нургожина А.Г. және Астрахан №2 мектебінің АӘД мұғалімі Герасимов Ю.В. өткізді.
«№ 15 ППТК» КММ ұжымы Ю.В.Герасимовке және №2 орта мектеп оқушыларына іс-шараны ұйымдастыруға қатысқаны үшін алғыс білдіреді.