Оқушыларға психологиялық қызмет көрсету.
Бірінші сыныпқа қабылданған балаларды психо-диагностикалық минимумнан өткізу;
Мектепке қабылғандардың ішінде оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келмеген балаларың таным процестері мен жекелік қасиеттерін терең зерттеп, себебін анықтау. Қажеттілік туғанда дамуында дағдарыс бар балаларды ПМПК тексеруіне жіберу.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін, жекелік қасиеттерін және мектеішілік қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу.
Бесінші, алтыншы сынып оқушыларын психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу. Гимназиялық сыныптарды таңдап алуға көмек көрсету. Орта буын оқушыларының қарым – қатынас мәдениетін зерттеу. Топішілік қатынас ерекшеліктерін зерттеу. Оқу барысында табысты болу немесе сәтсіздіктен бас тарту мотивацияларының қайсысы жетекші екенін анықтау.
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (өзін-өзі бағалауы, талап ету деңгейі, топ ішіндегі мәртебесі, эмоционалдық жағдайы).
Жас өспірімдер мінез-құлқында акцентуацияның көрініс беруін талдау. Акцентуация түрлерін анықтау әдіс-тәсілдерін қолданып балалардың мінездерін ауытқуларды жан-жақты талдау.
Оқытушылардан, ата-аналардан шағым түскен балалардың жекелік ерекшеліктерін тереңдетіп зерттеп. Қажетті болған кезде әлеуметтік-диспетчерлік қызмет атқару.
Сегізінші, тоғызыншы сынып оқушыларын сиходиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша зерттеуден өткізу.
Оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау және мамандықты таңдау мотивациясын зерттеу.
Мектеп бітіруші сыныптар оқушыларын қажеттілігіне байланысты оларды жан-жақты психодиагностикалық зерттеулерден өткізу.
Онбірінші сынып оқушыларының мамандыққа икемділігін зерттеу. Оқушылар қалауы бойынша жеке тұлғалық ерекшеліктерін, интеллектуалдық қабілет көрсеткіштерін анықтап беру, педагогтардың қалауы бойынша олардың жеке тұлғалық қасиеттерін және мамандық құзырлылығын анықтау және басқа психодиагностикалық қызмеи көрсету.
Ата-аналардың қалауы бойынша оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең зерттеу.
Психологиялық түзету-дамыту жұмысы.
Бастауыш сыныптарға қабылданған балаларды мектеп күнтәртібіне бейімделуіне арналған сауықтыру іс-шаралары.
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке даярлығын зерттеу барысында таным процестерінде ақаулық бар және оқуға даярлығы төмен балалармен дамыту машықтарын және ойындарын жүргізу.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін түзету-дамыту іс-шараларын және шығармашылық ойлауын дамыту сабақтарын ұйымдастыру.
Балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру. Үлкен үзілістер кезінде балаларды сауықтыру ойындарын жүргізу.
Орта сынып оқушыларының жеке тұлғалық жағымсыз мінез көрсеткіштерін өңдеу-түзету жұмыстарын ұйымдастыру.
Талапкерлерге арналған өзін-өзі психологиялық талдау мектебін ұйымдастыру. Оқушылар көмегімен психологиялық апталығын өткізу.
Жоғары сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес беру орталығы жұмысын ұйымдастыру.
Мектеп бітірушілердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға арналған тренинг және түзету іс-шаралары мен ойындар ұйымдастыру. Проблемасы бар балалармен жеке жұмыстар жүргізу. Сұаныс бойынша мінез-құлқы қиын балаларға арналған жаттығулар ұйымдастыру. Психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын және тренингтер жүргізу.
Кеңес беру жұмысы.
Баланы мектепке даярлау барысында отбасы мен мектептің бірлескен жұмыстары туралы ата-аналарға кеңес беру.
Ата-аналарға арналған психологиялық Кеңес пункті жұмысын ұйымдастыру. Ата-аналарды психодиагностикалық зерттеу нәтижелерімен таныстыру. Психокоррекция және арнайы дамыту жұмыстарды талап ететін балалармен жүргізілетін іс-шаралар бағдарламасымен таныстыру.
Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін оларға арналған лекциялар және басқа арнайы сабақтар жүргізу. Ата-аналар мен олардың балалары арасындағы түсініспеушіліктер туралы кеңес ұйымдастыру. Проблемасы бар отбасына психологиялық көмек көрсету.
Орта буын оқушыларында кездесетін ерекшеліктер туралы олардың ата-аналарымен әңгімелесу. Психологиялық білімді насихаттау жұмысын жүргізу.
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау проблемасы туралы кеңес беру. Болашақ отбасы өміріне дайындау және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беру. Оқушылар алдында тұрған проблемалары бойынша топтық және жеке – дара кеңес беру.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс.
Оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу жолдары және оны қалыптастырудағы мұғалімнің орны. әдістемелік семинар ұйымдастыру. Семинарр тақырыптары:
Сұраныстар бойынша анықталған мәселелер:
Әлеуметтік-диспетчерлік қызметі.
Дамуында патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету, олардың құжаттарын медициналық-психологиялық комиссияға дайындау.
Медициналық-психологиялық комиссияның шешімі бойынша психологиялық дауында патологиясы бар баланы арнайы мектепке орналастыру т.б. қажеттілікке байланысты көмек көрсету.
Осы аталған бағыттар бойынша психологиялық қызметті ұйымдастыру барысында балалардың таным процестерін және жекелік психикалық қасиеттерін зерттеп, нәтижелерін нормадағы көрсеткіштермен салыстырып, ауытқуы бар, немесе кейбір көрсеткіштері нормадан төмен болса олармен психокоррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізіледі.
Тәжірибелік психологияның теориялық мәселелерін зерттеу, әдістемелерін қалыптастыру жұмыстары екі ғасырдан беру жүргізіліп келе жатқанын анықтады. Осы тәжірибені жүйелі түрде зерттеу мамандық қызметтің көптеген проблемаларын толығырақ түсінуге мүмкіндік берді.