Ақмола облысы білім басқармасы "Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, № 15 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №15, село Астраханка, Астраханский район" Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дидактикалық ойындар

23.02.2018

Дидактикалық ойындар

« Зейінді бол »  № 11  
Мақсаты:

Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.
Көрнекілік:

Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.
Барысы:

Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.

« Мынау қай пішін? »  № 12  
Мақсаты:

Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік:

Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Барысы:

Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

 « Кім зейінді? »  № 13  
Мақсаты:

Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.
Көрнекілік:

Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.
Барысы:

Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.

 « Қандай пішін шықты? »  № 14  
Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.
Көрнекілік:

Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары
Барысы:

Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?

 « Біркелкі пішіндерді сана »  № 15
Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.
Көрнекілік:

Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)
Барысы:

Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.

« Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр »  № 16  
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту.
Көрнекілік:

Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.
Барысы:

Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.

« Қандай пішін жетіспейді? »  № 17  
Мақсаты:

Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.
Көрнекілік:

Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)
Барысы:

Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.

« Пішіндерді боя »  № 18  
Мақсаты:

1.Түстерді тани білуге үйрету.

2.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға   қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер
Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

Просмотров: 999


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст