1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданады.Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ряміздер күні ретінде мерекеленеді
Олар- Мемлекеттік Ту, Елтаңба және гимн болып табылады.
Біздің елдің Мемлекеттік туы көгілдір түсті мата, онда сәулелі күн мен қалықтап ұшқан қыран кұс бейнеленген. Ту қазақ ою-өрнегімен безендірілген. Көгілдір түс-бұл біздің аспанымыз, бейбітшілік пен бақыттылық белдіреді. Жарқын күн тыныштық пен байлықты білдіреді. "
Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков
Мемлекеттік Елтаңба - Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасының ортасында киіз үйдің күмбезі - шаңырақ бейнеленген. Бұл отбасы мен біздің ортақ үйіміз – Қазақстанның символың білдіреді. Екі жағынан қанатты жылқылар біздің халқымыздың сарқылмас энергиясы мен оның жеңіске деген ұмтылыстары туралы айтады . Ал бес бұрышты жұлдыз, Елтаңба-бұл Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін-символы
Елтаңбаның авторы-сәулетші Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Мемлекеттік Әнұран-бұл Отанымызды дәріптейтін салтанатты ән. Оны елімізге құрметті қонақтар келген кезде, ерекше салтанаттар мен мерекелер кезінде, сондай - ақ Олимпиада ойындары мен спорт чемпионаттары жеңімпаздарының құрметіне орындайды.
Әнұранның сөзін ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазды , ал музыканы композитор Шәмші Қалдаяқов жазды.