1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
2019 жылдың 20 наурызында Қазақстан Парламентінің екі палатасы Қазақстан Конституциясына мемлекет атауын Астанадан Нұр-сұлтанға өзгерту туралы заң үшін дауыс берді. 2019 жылдың 23 наурызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұр-сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды.