Ақмола облысы білім басқармасы "Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, № 15 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №15, село Астраханка, Астраханский район" Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына - 175 жыл

05.08.2020

Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына - 175 жыл

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Ұлы Абайдың 175 жылдығы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтеді. Халқы­мыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін ар­найы құрылған комиссия дайын­­дық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халық­аралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуы­мыз үшін өткізілмек.

Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. Өткен жылы Абайдың шығар­ма­ларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бас­тама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақ­стан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Абай жырларын оқу челленджі биыл, ақын мерейтойы тұсында жаңаша жанданады деп сенемін.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,   Қазақстан Республикасының Президенті

egemen.kz: https://egemen.kz/article/217247-abay-dgane-xxi-ghasyrdaghy-qazaqstan
© egemen.kz

 

 

 

Просмотров: 353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст