Ақмола облысы білім басқармасы "Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, № 15 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КГУ "Кабинет психолого-педагогической коррекции №15, село Астраханка, Астраханский район" Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала қорқынышымен қалай күресуге болады?

18.04.2018

Бала қорқынышымен қалай күресуге болады?

Психологтардың ұйғарымы бойынша қорқыныш дегеніміз - өте маңызды қорғаныш реакциясы, онсыз біздің өмірімізге үнемі төнуі мүмкін. Бірақ өзге де қорқыныштар бар, мәселен патологиялық. Патологиялық қорқыныш, әсіресе балаларда көп кездеседі.

Бала қорқынышының жасына қарай ерекшеліктері болады. 1 жасқа дейінгі сәбилер кенеттен болған қатты дыбыстардан қорқады. 7-8 айлық жаста танымайтын ересек адамдардан қорқу пайда болады. Екі жастағылар, әдетте медецина қызметкерлерінен қорқады, бұл укол салғанда ауыртуынан қорқуға байланысты. 3-4 жастағы балаларға қараңғылық және жабық кеңістікті орындар қорқыныш тудырады.

Бала бойында қорқыныштың ұлғаюынан қалай сақтануға болады?

 

1.   Егер сіз өзіңіз бірдеңеден қорықсаңыз қорқынышыңызды балаға көрсетпеуге тырысыңыз. Әлемді өлімге апарар ауру кезіп жүр, қалада қанішер адам пайда болды және т.б. дегенді үнемі айта берудің қажеті жоқ.

2.   «Қорқынышты» фильмдерді көрсетуге рұқсат етпеңіз.

3.   Баланы қорқыту үшін өзіңізге қорқынышты кейіпкерлерді, мыстан кемпірді, қапшығы бар ағаны, ашулы милиционерді және т.б. одақтас етіп алғанды доғарыңыз.

4.   Күрделі жағдайларда (ажырасу. Отбасында жаңа мұрагердің пайда болуы, жөнді танымайтын туысқандарға көшіп бару) баланың эмоционалдық жай-күйіне көңіл аударыңыз – жағымсыз жағдайларда ол ересектердің назарын өзіне аудару үшін санасынан тыс қорқынышты пайдалану мүмкін.

5.   Баланың ұйықтау мен сергек жүру тәртібінің жасына сай екендігіне, күні бойы оның жеткілікті мөлшерде жағымды әсер алуына көз жеткізіңіз.

6.   Егер балаға қараңғылықтан қорықпауды үйреткіңіз келсе, күштеу шараларын қолданбаңыз, бұл қараңғы бөлмеге кіруге қатысты бастаманы баланың өзі көтергенде ғана мүмкін болмақ.

7.   Баланы тым күшті қорқыныш билеген кейбір кездерде, психологтар жаны түршігер құбыжық немесе қорқынышты оқиғаның суретін салып, бұдан соң салтанатты түрде күлге айналғанын баланың көзіне көрсеткен дұрыс дейді. Бұл рәсімді қаншалықты қажет  болса, сонша істей беруге болады.

8.   Баланың қорқынышты жеңуге деген талпынысын мақтаңыз. Ол өз мінез-құлқының оңды беки түскенін қалайды.

9.   Балада қорқыныш пайда болған жағдайда денелік жақындасудың маңызы зор – оны құшақтап, құшағыңызда тербетіңіз, сүйіп, босаңсытатын массаж  жасаңыз.

10.Үйде бала өзін қауіпсіз сезінетіндей ахуал қалыптасытруға тырысыңыз.

Есіңізде болсын: жылулық пен жайлылық сыйлайтын байсалды да зейінді, мейірімді ана және тұрақтылық пен қауіпсіздік нұрын шашқан әке – баланы қорқынышынан арылатын ең үздік қорғаныш!

Ата-аналар дәріснамасы біздің мектепке дейінгі ұйымның дербес сайтында беріледі. Әр түрлі мазмұндағы жанамалар КБО-ға келгенде ата-аналарға ұсынылады.

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст