15.12.2020
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
14 желтоқсан, Тәуелсіздік күні қарсанында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жатақханада тұратын шетел студент - азаматтарына қазақ халқының басынан өткен қасіретті кезеңі баяндалатын «Алтын глобус» премиясында «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымының тізіміне енген «Ұлы дала зары» фильмі көрсетілді. Әйгілі «Оскар» сыйлығына үміткерлердің қатарына қосылған отандық фильм ашаршылық тақырыбын арқау еткен.
Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!